Атырауда 28 жер учаскесі мен қымбат нысандар мемлекетке қайтарылды

Жалпы құны 700 млн теңгеден асатын активтер бойынша прокуратура заңсыздықтарды анықтады. Қандай мүлік қайтарылды?

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 16:43
Бүгiн 2026, 16:43
112
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Атырау қаласының прокуратурасы мемлекетке құны 700 млн теңгеден асатын мүлікті қайтарды.

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, жер қатынастары және мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңдылықты талдау барысында прокурорлар сенімгерлік басқарудың тиімсіздігі фактілерін анықтады.

Жергілікті атқарушы орган жеке кәсіпкерге құны 93,7 млн теңге болатын жертөле үй-жайын берген. Кәсіпкердің шарт талаптарын орындамағанына қарамастан, жергілікті атқарушы орган ұзақ уақыт бойы нысанды уақтылы алып қою бойынша шаралар қабылдамаған, - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Осыған байланысты прокуратура заңдылықтың бұзылуын жою туралы, соның ішінде басқа да осыған ұқсас жағдайлар бойынша ұсыну енгізді.

Қарау нәтижелері бойынша мемлекет балансына жалпы құны 400 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандары қайтарылды.

Сонымен қатар, жер пайдалану саласында тәртіп орнату бойынша шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекет табысына ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша игерілмей келген, жалпы құны 300 млн теңге болатын 28 жер учаскесі қайтарылды.

Жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлікті қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. 
 
Тағы оқи отырыңыз:
Алматыда Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған активтер қайтадан саудаға шығарылды 

147 млрд теңге бюджетке қайтты: Бас прокуратураның жартыжылдық есебі жарияланды 

Наверх