Атырауда 20 студент уланып қалды

23 Мамыр 2019, 19:52
2261
Бөлісу:
Атырауда 20 студент уланып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жағдай газ балонын бүркуден болған деген болжам бар, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Оқиға бүгін түске дейінгі уақытта болған. Аталған оқиға орнына жедел жәрдем тобы келді. Берілген ақпарат бойынша, колледждің 1-2 қабаттарында белгісіз заттың өткір иісі болған, нәтижесінде 20 адам ауруханаға әкелінді. 

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында Атырау сервис колледжі директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Гүлсім Жалмұханова мәлімдеді.

"Балалардың жаппай улануының себебі анықталуда, бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Енді балалардың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Науқастарға уақытылы көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайын қалыпқа келтіргендіктен, студенттердің көбісі үйге жіберілді, ал қалғаны кешкі сағат 19.00-ге дейін шығарылады. Уланған студенттердің барлығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады", - деді Гүлсім Жалмұханова. 

Қазір бұл жағдаймен құқық қорғау органдары айналысуда, оқиға газ балонын бүркуден болған деген болжам бар.

Өзгелердің жаңалығы