Атырауда 2 модульдік аурухана бой көтерді

17 Қыркүйек 2021, 13:53
7468
Бөлісу:
Атырауда 2 модульдік аурухана бой көтерді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда инфекциялық стационарда 518 науқас ем қабылдап жатыр.

Облыста резервтік 624 орындық инфекциялық стационар әзірленді, оның 40-ы реанимациялық төсек-орын. Ал балалар үшін 144 инфекциялық төсек-орын дайындалды,оның 20-ы реанимация бөлімшесі. Облыс бойынша төсек-орын жүктемесі 22,0%-ды құрайды, - деп атап өтті Бақытгүл Хаменова.

Атырауда 2 модульдік аурухана бой көтерді

Оның айтуынша, індетпен күресу және алдын алу мақсатында Атырау өңірінде бір қатар жұмыстар атқарылып келеді.

Науқастарға жоғары сапалы медициналық көмек ұйымдастыру үшін Атырау және Құлсары қалаларында 200 орындық 2 модульдік инфекциялық аурухана салынды. Биыл Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 200 төсектік тез салынатын модульдік аурухананың құрылысы 95%-ға аяқталды. Алайда індет жұқтырған науқастар өсуіне байланысты тамыз айынан бастап уақытша іске қосылды, - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары.

Атырауда 2 модульдік аурухана бой көтерді

Сонымен қатар пандемияның бірінші толқыны кезінде облыстағы медициналық ұйымдарда 104 ИВЛ аппараты ғана болған болса, бүгінгі күні олардын саны 274-ке жеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында 300 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы