Атырауда 1,5 гектар қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды

Атырауда 1,5 гектар қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды
PHOTO
416

Атырауда тағы да канал жағасындағы 1,5 гектар аумақтың қамысы өртеніп, тұрғын үйді шарпыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, қамыс өрті кеше, 23 наурызда болған.

Атырау қаласындағы Шәкіров көшесі тұсында Перетаска каналының жағалауы өртенді. Бұл туралы жергілікті уақытпен сағат 12:51-де шақырту түсті. Канал бойындағы қамыс өрті сол маңдағы саяжай учаскелерін шарпыды. Өрттің салдарынан 1 жазғы тұрғын үй мен ауласындағы шаруашылық сарай, тауық қора, жылыжай бөліктері бүлінді. Канал жағалауында жалын шарпыған қамыстың аумағы – 1,5 гектар, – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Атырауда 1,5 гектар қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды

Қамыс өрті сағат 15:04-те оқшауланып, сағат 15:37-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Алдын ала болжамға сәйкес саяжай учаскесінде қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Соның салдарынан өрт тұтанған, – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жалынды сөндіруге 53 қызметкер мен 12 техника жұмылдырылған.

Атырауда 1,5 гектар қамыс өртеніп, тұрғын үйді шарпыды
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысы ТЖД
Өзгелердің жаңалығы