Атырау тұрғыны Мәскеуге бекіре тұқымдас балық апармақшы болған

28 Қараша 2020, 02:43
1597
Бөлісу:
Атырау тұрғыны Мәскеуге бекіре тұқымдас балық апармақшы болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау халықаралық әуежайында көлік полициясы «Атырау-Мәскеу» рейсі жолаушыларының бірінің сөмкесін тексеру кезінде 9 келі бекіре тұқымдас балықты тапты, деп хабарлайды azh.kz.

Тергеу ұзаққа созылмаған. Сот ер адамға бір жарым жыл мерзімге бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Тексеру барысында сөмкенің иесі Батыс Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол «Атырау-Мәскеу» рейсімен ұшып кеткісі келген. Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Атырау облысының көлік полициясы 339-бап бойынша 36 қылмыстық іс қозғап, 259 кг бекіре және 8 кг қара уылдырықты тәркіледі.


Өзгелердің жаңалығы