Атырау тұрғыны құны 50 миллион теңге болатын есірткімен ұсталды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Кейін оның Гайдар көшесіндегі пәтерінде тінту жүргізген кезде «қара базарда» құны 50 миллион теңге болатын 1 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.</h4>

 2 Сәуір 2021 2021, 05:46
2 Сәуір 2021 2021, 05:46
2269

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Кейін оның Гайдар көшесіндегі пәтерінде тінту жүргізген кезде «қара базарда» құны 50 миллион теңге болатын 1 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын, заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Күдікті Уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.

Наверх