Атырау теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

15 Қараша 2023, 20:00
531
Бөлісу:
Атырау теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді
Фото: ТЖМ

Мұндай бірлескен жаттығулар жарты жылда бір рет өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

2023 жылғы 14 қарашада Атырау қаласының теміржол вокзалында «Қауіпті жүктердің, оның ішінде темір жол көлігімен тасымалдау кезінде радияциялық, химиялық және биологиялық заттардың төгілуіне байланысты авариялық жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл дағдыларын пысықтау» тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты - авариялық жағдайларға жедел ден қою шараларын жетілдіру, азаматтық қорғау қызметтерінің, оның ішінде: теміржол көлігіндегі көлік қызметінің, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің, ҚТЖ құрылымдарының күштері мен құралдарын тактикалық пысықтау.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу жөніндегі оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, күшті әсер ететін улы зат, атап айтқанда күкірт қышқылы төгіліп, теміржол көлігіндегі аварияны жою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды.

Атырау теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

Оқу-жаттығу шарты бойынша - жүк вагондарын қатты қақтығысуы кезінде күкірт қышқылымен сынауыштардың герметизациясы орын алды. Жақын жерде орналасқан т/ж қашықтықтағы қызметкер жағдайды анықтау барысында уланып, есінен танып қалды.

Бұдан әрі іс-қимыл алгоритмі бойынша: құлақтандыру, барлау жүргізу, қоршау, зардап шегушіні эвакуациялау, ТЖ салдарын оқшаулау және жою.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді.

Оқу-жаттығуларға ТЖД, теміржол вокзалының, Атырау облысының көліктегі санитарлық-эпидемиялық бақылау бөлімшесінің, желілік полиция бөлімінің, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» Атырау облыстық филиалының күштері мен құралдары, радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау қызметінің күштері, барлығы барлығы 150 адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы