Атыраулық дәрігерлер Президентке алғыс айтты

13 Сәуір 2020, 23:27
1430
Бөлісу:
Атыраулық дәрігерлер Президентке алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Атыраулық дәрігерлер жалақыны арттыру жөніндегі Президент тапсырмасы коронавирустық инфекциямен күрес жүргізіп жатқан медицина қызметкерлеріне көрсетілген уақытылы қолдау болғандығын айтты.

ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия наурыз айының соңында мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің жалақысына ай сайынғы үстемеақы белгілеу туралы шешім қабылдады. Бүгінде Атырау облысы бойынша үстемақы төлеу үшін  288,7 млн теңге бөлінді.  

№2 облыстық аурухана директорының орынбасары Надия Ерғалиеваның айтуынша, наурыз айында аурухананың 128 медицина қызметкері қосымша еңбекақы алған.  Ал,  облыс көлемінде  үстемақы 369 медицина қызметкеріне берілген. 

Ауруханамыздың барлық қызметкерлері.  мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үстемақыға ие болды. Қызметкерлеріміздің  атынан мемлекет басшысына алғысымды білдіргім келеді.  Дәрігерлердің отбасылық бюджеті үшін қаражат маңызды рөл атқарса да, ең бастысы ақша емес,  жағдайдың қаншалықты  күрделі екендігін ескеруде.  Медбикелер  мен өзге де  қызметкерлер коронавирустық инфекциямен күрес жолында күндіз-түні еңбек етуде.  Біздің міндетіміз - науқастарды  сауықтыру үшін бар күшімізді салу.  Президентіміздің осындай  қиын уақыттағы қаржылай қолдау туралы шешімі медицина қызметкерлерін  ынталандырады.  Бүгінгі күні біздің ауруханада 128 қызметкерге жалпы сомасы 12 млн теңгеден астам үстемақы берілді, - деді Надия Ерғалиева.

Ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген №2 Атырау облыстық ауруханасының мейірбикесі Сәуле Надирова мемлекеттің бұл шешімін орынды деп санайды.

Біз карантиндік шаралар жүзеге асырылғаннан бері ауруханада жүрміз.  Вирус жұқтырған адамдардың денсаулығын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Біраз уақыт жақындарымызды, отбасымызды  көрген жоқпыз.  Десе де, бұл біздің міндетіміз  екенін жақсы түсінеміз. Осындай қиын мезгілде  мемлекет бізге қаржылай қолдау көрсетуді ұйғарды. Осы орайда мемлекет басшысына, Денсаулық сақтау министрлігіне, аурухананың басшылығына алғысымды білдіргім келеді, - деді Сәуле Надирова.

Инфекцияның қауіптілігіне  қарамастан, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған.  Аурухана дәрігерлері барлық қорғаныс құралдарымен - жұмыс киімдерімен, маскалармен және көзілдіріктермен қамтамасыз етілген, пациенттерге қажетті дәрі-дәрмектердің толық тізімі жасақталған.

Мемлекет бізге осындай қолдау білдіргеніне қуаныштымыз.  Біз өзіміздің кәсіби міндетімізді коронавирустық инфекциядан толық арылмағанша атқаруға дайынбыз, әрі қолдан келгеннің барлығын жасауға дайынбыз. Барлық Атыраулықтарды өздерін қорғауға және карантинді сақтауға шақырамын, - дейді аурухана мейірбикесі Айсұлу Масалимова.

Еске салайық, ҚР Президентінің шешімімен үш ай ішінде коронавирустық инфекция үшін үш тәуекел  тобына үстемақы төленеді.  Бірінші тәуекел  тобына (дәрігерлер, жұқпалы ауруханалардың орта және кіші медицина қызметкерлері, оның ішінде реанимация бөлімшелері) 20 ең төменгі жалақы мөлшерінде (айына 850 мың теңге) үстемақы  төленеді.

Екінші тәуекел тобына  (дәрігерлер, фармацевтикалық ауруханалар мен жедел медициналық жәрдемнің орта және кіші медициналық қызметкерлері) 10 төменгі жалақы мөлшерінде (425 мың теңге) үстемақы беріледі.

Үшінші тәуекел тобына  (дәрігерлер, карантиндік ауруханалардың орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері) 5 төменгі жалақы мөлшерінде (212,5 мың теңге) үстемақы төленеді.

Өзгелердің жаңалығы