Олар синтетикалық есірткіні тасымалдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
23 желтоқсан күні сағат 23:55 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Авангард мөлтек ауданында орналасқан пәтер маңында есірткі заттарын алып жүрген 1999 жылы туған және 2001 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғындарын анықтады.
Тексеру барысында күдіктілердің есірткі затын тұтынғаны анықталып, тінту барысында 14 зип-пакетке салынған өзіне тән иісі бар ақ ұнтак есірткі заттары тәркіленді.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттар 40-қа жуық доза болатын синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикӑсы Конституциясының 77-бабы 3-тармағынын 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.