Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды

26 Маусым 2022, 16:16
10340
Бөлісу:
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау-Орал тас жолының 41-ші шақырымында Үлкен Шаған ауылының маңында ірі жол апаты болды, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан ВАЗ тізгініндегі 1988 жылғы жүргізуші қаза тапты. Daewoo Nexia жүргізушісі Өзбекстан азаматы екені белгілі болды.

БҚО ПД баспасөз қызметі оның рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткенін айтты.

23 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі ВАЗ көлігіне келіп соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ол ауыр жарақат алып, облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. ВАЗ жүргізушісінің денесі мәйітханаға сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар, ВАЗ-дағы 44 жастағы жолаушы зардап шекті. Ол облыстық көпбейінді аурухананың травматология бөліміне жеткізілді, – делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды.

Өзгелердің жаңалығы