«Атырау – Орал» тас жолы жөндеуге жабылды

4 Шілде 2024, 03:48
384
Бөлісу:
«Атырау – Орал» тас жолы жөндеуге жабылды
Фото: скрин

Кеше «Атырау – Орал» тас жолы жөндеуге жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, республикалық маңызы бар бұл жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

3 шілде күні сағат 8:00-ден бастап, республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолының 5-67 шақырым аралығы, яғни Атырау қаласы – Махамбет ауылы учаскесі бойы жабылды, - деп жазылған хабарламада.

Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау - Индер» бағыты арқылы қатынай алады. Ауыр жүк көліктері үшін Махамбет - Х.Ерғалиев - Таңдай ауылы бағытындағы жол ашық, - деп жазды жауапты басқармадан.

Өзгелердің жаңалығы