Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Махамбет Досмұхамбетов "Атырау - Астрахан" тас жолы құрылысында 600-ден астам жол-құрылыс мамандары жұмыс істеп жатқаны туралы айтты.
Яғни, қазіргі уақытта жол-құрылыс жұмыстары Мақат-Қандағаш (330-458 км) және Атырау-Астрахан (648-893 км) учаскелерінде жүргізілуде. Онда 160-тан астам жергілікті тұрғындар еңбек етіп жатыр, - деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәслихат сессиясында алты айдың жұмыс қорытындылары туралы баяндамасында.Еске сала кетелік, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар "Ақтөбе - Атырау - Астрахан" (РФ шекарасы) автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда.