Атырау облысының тұтынушыларына 53,7 млн теңгеден астам ақша қайтарылды

14 Шілде 2021, 13:33
6747
Бөлісу:
Атырау облысының тұтынушыларына 53,7 млн теңгеден астам ақша қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің субъектінің 2020 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау аясында жүргізген жұмысы арқасында қол жеткізілді, деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

Субъектіні тұтынушыларға ақшаны қайтаруды міндеттеп қана қоймай, оған 9,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының  26-бабының 2-тармағының 15-ші тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

«РТИ-АНПЗ» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындылары бойынша, бекітілген тарифтік сметаларын шығын баптарын бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін көрсетілетін қызмет бойынша бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлерден 5 пайыздан астам мөлшерде орындамауына жол берілді, - делінген ақпаратта.

Тұтынушыларға қайтару сомасы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып) – 53 797,802 мың теңгені құрайды(тұтынушыларға қайтарылды).

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша ТМРКД-ы «РТИ-АНПЗ» ЖШС-ге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 9 334 400 теңге сомасына айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оны субъект қысқартылған өндірісте көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төледі.



Өзгелердің жаңалығы