Атырау облысының ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

18 Маусым 2021, 12:46
2766
Бөлісу:
Атырау облысының ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жауап берді.

Оның айтуынша, тұщы су облыстың өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі күні аталған мәселені шешу үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Облысты дамытудың кешенді жоспарына сай тұщы су проблемасын шешу үшін 2025 жылға дейін 147 млрд теңгенің тоғыз жобасы жүзеге асырылады.

Осы мақсатта «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдік су құбырын реконструкциялау қолға алынады. Ол құбыр 1988 жылы салынған. 80 пайызының тозығы жетіп тұр. Аталған магистраль арқылы Атырау облысы халқының 20 пайызын сумен қамтамасыз етіп отырмыз. Құбырды реконструкциялауға 120 млрд теңге шамасында қаржы қарастырылған. 2022-2024 жылдар аралығында тиісті жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Жұмыстар сол құбыр арқылы облыс халық сумен қамту көрсеткішін ұлғайуды көздейді, - деді ол. 

Аймақ басшысының сөзінше, ауылдық жерлерді тұщы сумен қамту үшін жер асты сулары пайдаланылады.

Темір жолдың бойында орналасқан Қызылқоға ауданының Жәнтіке, Жамансор сияқты ауылдар Кереген деген кен орнына су алады. Былтыр бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, құбыр арқылы су тарту жұмыстарын жүргізуді бастайық деп жатырмыз. Миялы аулыныда былтыр жоғары су тапшылығы байқалды. Бұрын ауыл Қарасу дейтін кен орнының жер асты суын пайдаланаған. Ол жердің суы азайып қалды. Тәуілігіне 100 текше метрден 400 текше метрге түсіп кетті. Өткен жылы демеушілікпен тағы бес ұңғы қазып, үстіне тағы 400 текше метр қостық. Әзірге солай амалдап отырмыз, - деді ол.

Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, ауылды сумен қамту жұмысы онымен тоқатап қалмайды.

Тайсоған деген кен орнымен келісім жүргізілді. Келесі жылы сол жерде су шығару үшін бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, 70 шақырымдай құбыр тартамыз деп жоспарлап отырмыз. Қоян деген кен орны жанында алты ауылды сумен қамту үшін алты ұңғыма қазу қарастырылды. Әзірге ауылдарды осылайша сумен қамтамасыз етіп отырмыз. Дегенмен шектеу бар. Атыраудың өзінде 350 мың халық бар. Қаланың су станциясы 120 мың текше метр су беруі керек болса, қазір ол 100 мың текше метр шамасында беріп тұр. Өйткені станцияның тозығы жеткен. Оның орнына жаңа станция салу жоспарланған. Оны 2022-2024 жылдары жүзеге асырамыз. 2011 жылдан бері қаланың шетінде іске қосылмай тұрған филтьрлеу жүйесін де жаңғыртып, сол кезеңде іске қосу жоспарланған. Сол арқылы сумен қамтудың қуатын тәуілігіне 170 мың текше метрег жеткіземіз деп отырмыз, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы