Атырау облысының әкімі еңбек және тыл ардагерлерімен кездесті

15 Желтоқсан 2022, 09:40
1394
Бөлісу:
Атырау облысының әкімі еңбек және тыл ардагерлерімен кездесті

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов еңбек және тыл ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сіздер облысты өркендету жолында аянбай еңбек еттіңіздер. Өмірлеріңізді, күш-жігер, қажыр-қайрат, білім-парасаттарыңызды ел игілігі жолына арнадыңыздар. Бүгін де қоғамдық істерден шет қалмай, әр мәселеге қолдау көрсетіп, пікір білдіріп отырасыздар.Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз біз үшін құнды және маңызды, - деді Серік Шәпкенов. 

100-ден аса ардагер қатысқан шарада аймақ басшысы облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетовке ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісін, мұнай саласының ардагері Смағұл Нұғымановқа республикалық ардагерлер ұйымының «Құрмет белгісі» төсбелгісін табыстады.

«Атырау облысы алдындағы еңбегі үшін» медалімен еңбек ардагері Ғаділхан Қалиев және медицина саласының ардагері Ғазиз Есқали, «Ардақты ана» алтын белгісімен білім саласының ардагері Дәмен Алтаева, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова атындағы медалімен заң саласының ардагері Айсұлу Омарова, қас батыр Боран Нысанбаев атындағы медалімен еңбек ардагері Қайырғали Жұмақұлов, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрмет грамотасымен» Қазақстан Халық Ассамблеясының ардагері Зелимхан Зубариевпен су шаруашылығы саласының ардагері Бисен Қуанов марапатталды.

Сонымен қатар, ардагерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. 

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов «Ардақты ардагер» алтын белгісін табыстады.

Өзгелердің жаңалығы