Әкім 46 млрд доллар тұратын жобаның құрылысы қалай жүріп жатқанын айтты

19 Қараша 2021, 17:46
1584
Бөлісу:
Әкім 46 млрд доллар тұратын жобаның құрылысы қалай жүріп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Біздің өңірде екі ірі кен орны орналасқан. Қашаған мен Теңіз кен орындары бар. Республика бойынша мұнайдың 55 пайызы Атырауда өндіріледі. Газ өндіру үлесінің 75 пайызы Атырауға тиесілі. Оны әлі де дамытатын жоспарлар бар. Теңіз кен орнын кеңейту бойынша жобаның құны 46 млрд долларды құрайды. Қазір ол жобаның 85 пайызы орындалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 75 пайызға орындалды, - деді облыс әкімі.

Махамбет Досмұхамбетов 2024 жылы жоспар бойынша үш буынды жоба жұмысқа кірісуі керек.

Ол шикі мұнайды 12 млн тоннаға артық өндіре алады. Сондай-ақ ілеспе газды жер қойнауынан кері айдайтын жоба бар. Осылардың барлығы 2024 жылы жүзеге асырылса, Теңізден мұнай өндіру көлемін айтарлықтай арттырады, - деді ол.

Махамбет Досмұхамбетов Қашаған мұнай кен орнынан өндіру көлемін арттыратын жоба да жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы