Атырау облысындағы мұнайлы аудандардың халқы да белсенді

5 Маусым 2022, 14:28
1723
Бөлісу:
Атырау облысындағы мұнайлы аудандардың халқы да белсенді
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының мұнайлы аудандары Жылыой және Маат аудандарының да тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып жатыр.  

Атырау облысындағы мұнайлы аудандардың халқы да белсенді

Жылыой ауданында дауыс берушілер саны 49 мыңға жуық.  24 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр. Таңнан бері 18 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерген. 

Қазақ елінің Конституциясына өзгерістер енгізілуі туралы мақалаларды ыждағаттап оқыдық. Олар біздің көкейімізге қонды. Жақсы өзгертулер бар екен. Референдумға дауыс беруге келіп жатырмыз. Өзіммен бірге балаларым келді. Еліміздің жарқын болашағы үшін өз дауысымызды бердік - дейді Жылыой ауданы тұрғыны, ардагер мұнайшы Мұстахима Малашқызы. 

Атырау облысындағы мұнайлы аудандардың халқы да белсенді

Жылыой ауданындағы  референдум өтіп жатқан учаскелерде мәдени шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылған. 

Атырау облысындағы мұнайлы аудандардың халқы да белсенді

Ал Мақат ауданы бойынша 16 мыңнан астам тұрғын өз таңдауын жасайды екен. 12 учаске бар. Алтауы Мақат, бесеуі Доссор кентінде болса, біреуі Бәйгетөбе ауылдық округінде орналасқан.

Мен бүгін таңда 207 сайлау учаскесіне келіп, өзімнің азаматтық борышым ретінде референдумға қатысып, үлесім болсын деп өз таңдауымды жасап жатырмын. Қазақстанымыз жасай берсін, өркендей берсін. Осы заңдылықтар күшіне еніп жақсы жағынан болсын деген үлесім бар,- дейді Мақат ауданы тұрғыны Жансен Нұрымұлы. 

Атырау облысындағы мұнайлы аудандардың халқы да белсенді

Бүгін Мақат ауданының өоғамдыө көліктері тұрғындарды тегін тасымалдап жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы