Атырау облысында жыл соңына дейін қанша балабақша ашылатыны белгілі болды

8 Желтоқсан 2023, 16:16
521
Бөлісу:
Атырау облысында жыл соңына дейін қанша балабақша ашылатыны белгілі болды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкімнің айтуынша, биылдың басынан бері облыста үш балалабақша пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1 740 балаға арналған 6 балабақша өз есігін ашады.

Бұл балабақшалар ашылған соң, мектепке дейінгі біліммен қамтылатын бала саны 82 пайыздан 87 пайызға ұлғаяды. Облыстағы 72 ұйым 49 258 баланы қосымша біліммен қамтып отыр. 6 153 бала ерекше білім беруді қажет етеді, оның 4 071-і мектеп жасында, 2 082-сі – мектепке дейінгі жаста. Аймақта 25 инклюзивті қолдау кабинеті жұмыс істейді, биыл тағы 4 қолдау кабинеті ашылды, - деп айтты Шәпкенов.

Сонымен қатар өңірде №42 мектеп жанынан психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және №2 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қызметі ашылды.

Өзгелердің жаңалығы