Атырау облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Атырау облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемдер бүгін үйлеріне шығарылды.

 Атырау облысының ДСБ Бүгiн 2026, 13:31
Бүгiн 2026, 13:31
236
Фото: Атырау облысының ДСБ

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Атырау облысында бұл – биылғы дүниеге келген үшінші үшем. 

Мамандардың айтуынша, нәрестелер қажетті медициналық бақылаудан толық өтіп, жағдайлары тұрақталған. Аналардың да денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Бүгін үйлеріне шығарылған үшемдердің бірі - Аханова Гүлшат пен Турдалиев Ролланның отбасында дүниеге келген үш қыз. Бұл отбасы үшін қуаныш еселене түсті. Себебі бұған дейін олар үш қыз тәрбиелеп отырған еді. Енді олардың шаңырағында алты қыз өсіп келеді. Жаңа туған сәбилерге Сабина, Хабиба және Малика есімдері берілген. Олардың салмағы сәйкесінше 2109, 2029 және 2295 грамм, - деп хабарлады ДСБ баспасөзь қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Атырауда жылдың алғашқы үшемі дүниеге келгенін хабарладық. 

 

Наверх