Атырау облысында жедел жәрдем көлігімен қамтылу деңгейі 100% жетті

11 Қараша 2020, 09:20
2775
Бөлісу:
Атырау облысында жедел жәрдем көлігімен қамтылу деңгейі 100% жетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қараша күні Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов​ облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына жаңадан келген 18 жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты жағдайда табыстады, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. ​

Өңір халқының медициналық шақыртуларын уақытылы жүзеге асыру үшін өңірде барлығы 75 автөлік қызмет атқарып келеді. Енді міне, олардың қатары 18 жаңа автокөлікпен толығып отыр. Осы арқылы облыстың жедел жәрдем көлікпен қамтылу деңгейі 100 пайызға жетті, - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. ​ ​

Атырау облысында жедел жәрдем көлігімен қамтылу деңгейі 100% жетті

Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған​ қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медициналық жедел жәрдем көліктері «ҚДБ-Лизинг» есебінен алынды.​

Атырау облысында жедел жәрдем көлігімен қамтылу деңгейі 100% жетті

Көліктердің 8-і аудандық емдеу мекемелеріне жіберіледі, қалған 10 автокөлік Атырау қаласы тұрғындарының жедел жәрдем шақыртуларына бөлінеді деп жоспарлануда.​ ​ ​

Қазіргі уақытта облыста барлығы 93 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 46-сы биылғы жылы әкелініп отыр.​

Атырау облысында жедел жәрдем көлігімен қамтылу деңгейі 100% жетті

Бүгінгі күні Атыраудың жедел жәрдем станциясы 100 пайызға автокөліктермен толықты. Ал, станциядағы жедел жәрдем көліктерінің 70 пайызы жаңарған. 

Айта кетейік, ескі деген медициналық көліктер осыдан 2-3 жыл бұрын келген.​ Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен​ қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы