Атырау облысында жаңа көпір салынады

8 Мамыр 2021, 16:29
2059
Бөлісу:
Атырау облысында жаңа көпір салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылында Үлкен Ганюшкино және Безымянный шағын аудандарын Бұзаусылан өзені бөліп тұр, деп хабарлады «Ақ жайық» газеті.

Осы екеуін жалғаған ескі жаяу жүргіншілер көпірі қаншалықты қорқынышты болса да, адамдар әлі әрлі-бері өтіп жатыр. Енді мұнда жаңа заманауи өткел салынады.

Аудандық әкімшілік хабарлағандай, жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, тендер өткізілген.

«Декор» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Жаңа көпір құрылысына 117 млн теңге бөлінді. Мердігер көпір құрылысы жұмысын жақын арада бастайды. Ал біту мерзімі - келесі жыл.

Өзгелердің жаңалығы