Атырау облысында жаңа спорт кешені ашылды

9 Қыркүйек 2019, 09:49
3236
Бөлісу:
Атырау облысында жаңа спорт кешені ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы Ақжайық ауылында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қатысуымен жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі болды.

WhatsApp Image 2019-09-08 at 21.10.13.jpeg

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов пен спорт ардагері Жылқайдар Сұлтанов салтанатты түрде лентасын қиған ғимарат заманауи стандарттарға сай жарақталған. Мұнда ауыл жастары баскетбол, гандбол, волейбол, мини-футболмен айналысатын болады, басқа да спорт залдары бар. Кешеннің сыйымдылығы - 160 адам. 

WhatsApp Image 2019-09-08 at 21.10.16.jpeg

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандыктардың өніп-өсуіне барлық жағдайды жасады. Сондықтан күш-жігерлеріңді, мектептен алған білімдеріңді, үйден алған тәрбиелеріңді ұштастырып, нағыз азамат болыңдар", - деп тілегін білдірді ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2019-09-08 at 21.09.58.jpeg


Өзгелердің жаңалығы