Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақат аудандық ауруханасының мейірбикелері жаңа гаджеттерге қол жеткізді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Планшеттер көптеген процестерді жеңілдетуге және жеделдетуге, мәселелерді тиімді шешуге және қажетсіз қағазбастылықтан арылуға, сонымен қатар мейірбикелерге жетекші мамандардан кеңес алуға, дұрыс диагноз қоюға көмектеседі", - дейді Мақат аудандық ауруханасының директоры Батырбек Оңдасынов.
Барлық планшеттер «Мен Анамын», «Дәрігерге», «Қатерлі ісіктердің алдын алу», «Патронажды мейірбике» мобильді қосымшаларымен жабдықталған.