Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында қойшешектен қырылған ұсақ мал үшін шаруашылыққа мемлекеттен өтемақы төленетін болды. Бұл туралы 24kz сайтында хабарланды.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл наурыз-мамыр айларында асыл тұқымды қой зауытынан 2000-нан астам мал жұқпалы аурудан қырылған. Соның салдарынан шаруашалыққа 37 млн теңге шығын келді.
Осыған орай арнайы комиссия құрылып, іске кіріскен болатын. Күні бүгін облысқа 1 млн 658 доза вакцина жеткізілді. Мал дәрігерлері қойшешектен өзге де мал арасында кездесетін 9 түрлі жұқпалы ауруға қарсы егуге кірісті.
«Осы шешім негізінде жергілікті ветеринар мамандардан құралған комиссиясымен мал басын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мәліметтерімен сәйкестендірілген соң, тиісті құжаттары өкілетті органдарға ұсынылады. Республикалық бюджеттен тиісті өтемақы мал иелеріне төленетін болады», - дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.