Атырау облысында кәріздік тазарту жүйесі іске қосылды

4 Желтоқсан 2020, 12:22
1851
Бөлісу:
Атырау облысында кәріздік тазарту жүйесі іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақат кентінде тәулігіне 3200 текше метр ағынды су тазартатын кәріздік-тазарту жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Атырау олыстық коммуникациялар қызметі. 

Құрылыс саласының аса маңызды бағыттарының бірі – экологиялық және жер қойнауының ластануын болдырмау мақсатындағы  инфрақұрылымдық  жобалар. Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, облыс халқының жоғары деңгейдегі коммуналдық қызмет түрлерін пайдалану бағытында қазіргі уақытта бірнеше инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Мақат кентінде өнімділігі тәулігіне 3200 текшеметр ағынды суды тазартатын кәріздік-тазарту ғимаратының құрылысы толықтай аяқталып, іске қосылды. 

Атырау облысында кәріздік тазарту жүйесі іске қосылды

Құрылыс жұмысы 2018 жылдың наурыз айында бастау алған болатын. Мердігер компаниясы «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» АҚ. 

Атырау облысында кәріздік тазарту жүйесі іске қосылды

Бұған дейін ауданның тыныс-тіршілігін көзбен көруге барған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов халықтың игілігіне айналар аталған құрылыс жұмыстарын жоспарлаған уақытта пайдалануға беруді тапсырған болатын.

Осы тектес жоба бүгінгі күні Индербор кентінде жүзеге асырылып, кәріздік құбырлар мен сорғы стансалары пайдалануға берілуде. Сондай-ақ, Аққыстау кентінде өнімділігі тәулігіне 2300 текше метр кәріздік-тазарту ғимаратының, ауылішілік кәріз құбырлары және сорғы стансаларының құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалардың іске қосылуы экологиялық ахуал мен ауаның тазаруына мол септігін тигізері сөзсіз,- дейді облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Сакпаров. 
Атырау облысында кәріздік тазарту жүйесі іске қосылды

Сондай-ақ, Атырау қаласының сол жақ бөлігіндегі өнімділігі тәулігіне 70000 текше метр кәріздік-тазарту ғимаратының құрылысы басты инфрақұрылымдық жоба ретінде жүргізіліп жатқандығын айта кету керек. 2017 жылдың соңында басталған стратегиялық маңызы бар ірі жобаның негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың соңында аяқталып, жобаны толықтай іске қосу 2021 жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланып отыр.
 

Өзгелердің жаңалығы