Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

15 Қаңтар 2024, 12:04
478
Бөлісу:
Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Фото: BAQ.KZ - архив

Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан соң өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 13 қаңтарда Мақат ауданының Доссор кентінде болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап,қызу талқыға түсті. 

Видеодан ер адамның өрт шалған адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқанын байқауға болады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы да жетіп, ер адамды ауруханаға алып кеткен.

1961 жылы туған азамат Б.-ның денесінің 70%-ын күйік шалған. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жәбірленуші ауыр жағдайда. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы