Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр

4 Сәуір 2024, 22:15
417
Бөлісу:
Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: видеодан кадр

Атырау облысы Жылыой ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Жылыой ауданы Құрсай өзегінің су басу қаупі орын алуына байланысты, бөгеттерді нығайту жұмыстарына ЖАО, АПБ, ТЖД, Әскери бөлімнен 321 қызметкер, 121 техника және ауыл тұрғындары мен еріктілерден 4030 адам жұмылдырылды.

Ауыл тұрғындарымен және ТЖД күштерімен 6809 бас мал қауіпсіз жерге көшірілді.

Өзгелердің жаңалығы