Атырау облысында балық жаппай қырылып қалды

19 Шілде 2021, 09:55
3996
Бөлісу:
Атырау облысында балық жаппай қырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы Нарын каналының бойындағы Ақбас (Қызтуған) учаскесі маңында балықтар қырылып қалған, деп хабарлайды Azh.kz.

«Қазсушар» РМК филиалының бригадалары екі центнерден астам балық жинап, арнайы бөлінген жерлерге көмген. Олар сонымен қатар каналды тазартқан.

Жергілікті әкімдікте Ақбас учаскесіндегі су деңгейі соңғы уақытта қатты төмендеп, балыққа оттегі жетіспегендіктен мөңке балық, қаракөз және басқа да ұсақ балықтар қырылып қалғанын хабарлаған.

Махамбет ауданы Ақтоғай ауылынан бастау алатын Нарын каналы 1960 жылдан бері қолданыста. Каналдың ұзындығы-200 шақырым, оның 130 шақырымы Исатай ауданына тиесілі. Оның бойында көптеген шаруа қожалығы орналасқан. Осы жылдар ішінде канал бірде-бір рет жөнделмеген, оның өткізу қабілеті төмен, сондықтан балық та өледі, - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілхасимов.

Жақында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданына жұмыс сапары барысында Нарын каналының жағдайымен танысып, оны күрделі жөндеу мәселесін міндетті түрде шешетінін айтқан болатын.



Өзгелердің жаңалығы