Атырау облысында аудан әкімі Жайық өзеніне батып кетті

1 Тамыз 2022, 10:17
2345
Бөлісу:
Атырау облысында аудан әкімі Жайық өзеніне батып кетті

Бұл деректі Махамбет ауданының әкімдігі мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Ортақшыл ауылының тұсында Жайық өзеніне суға түскен. Бірақ судан кері шықпай қалған.

Әзірге суға кеткен әкімнің денесі табылған жоқ.

Ринат Жанқылыш

  • Туған жылы: 1982 жылы Атырау қаласында туған,
  • Білімі: 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, заңгер мамандығын,
  • 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітіріп, экономист мамандығын,
  • 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, мұнай-газ ісі мамандығын алған

9.01.2005-16.10.2006 Аға тергеуші, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы), Алматы қ.

23.10.2006-15.01.2007 Логистика жөніндегі жетекші маман, "2 Day Telekom" ЖШС-і, Алматы қ.

22.01.2007-01.03.2010 Өнім өкілі, "Казахстанский завод трубной изоляций"  ЖШС-і, Астана қ. 

01.03.2010-02.07.2010 Енгізілген өзгерістерге сәйкес, еңбек шарты "Қазақстандық құбыр зауыты" ЖШС Бас директорының коммерциялық және жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына ауыстырылды. Атырау қ. 

02.07.2010-18.08.2010 Енгізілген өзгерістерге сәйкес еңбек шарты Тараз қаласындағы "Қазақстан құбыр оқшаулау зауыты" филиалының директоры лауазымына ауыстырылды.

18.08.2010-01.10.2012 "Тараз құбыр зауыты" ЖШС директоры, Тараз қ.

01.10.2012-01.02.2013 "Қазақстандық құбыр оқшаулау зауыты" директорының орынбасары, Тараз қ. 

01.02.2013-08.02.2013 "Казахстанский трубный завод" ЖШС Бас директорының орынбасары, Атырау қ.

08.02.2013-14.05.2014 "AEGISinc" ЖШС директоры, Атырау қ.

15.05.2014 "Торговый дом Казахстанский трудный завод" ЖШС Бас директорының орынбасары, Атырау қ.

01.10.2015-31.03.2017 Басшы, "ПК Вулкан-С" ЖШС-і, Алматы қ. 

20.04.2017-03.09.2018 Директор, "Сауда Үйі "Атырауинжстрой" ЖШС-і, Атырау қ. 

01.10.2018-20.11.2018 Мәслихат хатшысының өкілеттілігін уақытша жүзеге асырушы, Атырау қаласы мәслихатынынң аппараты, Атырау қ. 

21.11.2018-21.11.2019 Мәслихат хатшысы, Атырау қаласы мәслихатының аппараты, Атырау қ. 

22.11.2019-15.11.2020 Қала әкімі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы, Атырау қаласы әкімі аппараты, Атырау қ.

16.11.2020-01.02.2021 Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасның басшысы.

02.02.2021 қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі.

Өзгелердің жаңалығы