Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау өңірінде 2 140 қызметкерге әлеуметтік төлем тағайындау үшін жұмыс берушілерден 1 489 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта штаб отырыстарында 403 жұмыс берушілерден түскен 412 өтініш қаралып, әлеуметтік төлем тағайындауға Азаматтарға арналған Үкіметке жолданды.Бұған дейін ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла шілде айына берілетін 42 500 теңгені 5 санаттағы адамдар ғана ала алатынын мәлімдеген еді.
Олар жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын және БЖТ төлеуші жеке тұлғалар. Өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады, - деді басқарма басшысы.