Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Әкім атағандай, 2,2 мың шақырымнан астам автокөлік жолдары салынып, жөнделген.Өңірде тәуелсіздік кезеңінде 687 млн тонна мұнай және 308 млрд тонна ілеспе мұнай-газ өндірілді. Жалпы өңірлік өнім 600 млн теңгеден 7,7 трлн теңгеге дейін өсті. Облыста 30 жылда 79 білім беру, 90 денсаулық сақтау, 37 спорт ғимараты, 31 мәдениет нысаны салынды, - деді Досмұхамбетов.
Халықты газбен қамту 12 пайыздан 99 пайызға жетті. Ал орталықтандырылған сумен қамту 99,3 пайызға жетті. Осындай маңызды көрсеткіштер бойынша облысымыз республика бойынша бірінші орында, - деді облыс әкімі.