Атырау облысында 3 мыңға жуық ауылды су шайған

12 Сәуір 2024, 11:48
247
Бөлісу:
Атырау облысында 3 мыңға жуық ауылды су шайған
Фото: скриншот

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева өңірдің қай аймағын көп су басқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны басталғалы бері жалпы түскен су деңгейі - 107 см. Су тасқыны салдарын жою үшін Жылыой ауданында қазіргі уақытта 5652 адам жұмыс істеуде. 2019 бірлік техника, 17 бірлік жүзу құралдары, 21 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.

Аудан орталығында соңғы деректер бойынша суға кеткен үйлер саны - 2798. Бүгінгі күні 12 үйден су кетті. Аудан төңірегінде облыстық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Ақтау" тасжолын су шайып кетті. Ауданнан 36 738 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 382-сі бала. 10 мыңнан астам мал басы қауіпсіз жерге айдалды, - деді Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Айта кетейік, Жылыой ауданына жан-жақтан гуманитарлық көмек жеткізілуде.

Өзгелердің жаңалығы