Атырау облысында 274 мың гектар жер мемлекетке кері қайтырылған

5 Сәуір 2021, 20:45
2243
Бөлісу:
Атырау облысында  274 мың гектар жер мемлекетке кері қайтырылған

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Атырау облысында 14,3 мың гектар, яғни 388 жер учаскесі конкурс арқылы ауыл шаруашылық мақсатына берілген. Ал аукцион арқылы кәсіпкерлерге бағасы 81 млн теңгеден асатын 114 жер телімі бөлінген екен.

Қазіргі таңда қала және барлық аудандар аукционды электронды түрде өткізуде. Бұл халыққа қолжетімділікке, ашықтыққа, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өткен жылы 274 мың гектарға жуық игерілмей отырған ауыл шаруашығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды. Нәтижесінде бос ауыл шаруашылық алқабының жалпы көлемі 6 млн 247 мың гектарды құрады. Оның 314 мың гектары 388 шаруа қожалығына конкурс өткізу жолымен берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы барлық облыста пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылық жерлерін қашықтан космостық түсірілім арқылы анықтау жұмыстары жүргізілуде, - дейді Атырау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали. 

Жалпы облыс бойынша жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскесінің кезегінде 117 мыңнан астам адам тұр екен.

Өткен жылы 1488-іне ғана берілген. Басқарма басшының сөзінше атыраулықтарға жер беруді жеделдетуді жоспарлап жатыр. 

Биылғы жыл басынан бері 118 363 азамат кезекте тұр. Жыл соңына дейін 3 973 жер беру жоспарлануда. 369 арыз қанағаттандырылды. Қазір Атырау қаласы және барлық аудандар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған азаматтарды автоматтандырылған ақпараттық жүйесі электрондық база іске қосылды. Аталған электрондық база халықты еркін қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз етеді, - дейді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар облыста 126 елдімекеннің 125-інің шекарасы толықтай бекітілген. Ал жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасындағылардың айтуынша арыз-шағымдар көп. Тіпті, жыл басынан бері «Жер» кодексін бұзғандардан 5 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген.


Өзгелердің жаңалығы