Атырау облысында 14 медициналық емдеу нысаны салынады

12 Маусым 2022, 10:48
1326
Бөлісу:
Атырау облысында 14 медициналық емдеу нысаны салынады
Фото: inform.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 14 медициналық емдеу нысаны салынады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Басқарма басшысының айтуынша, Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына 14 медициналық емдеу нысанын ашу енгізілген. Қазір 4 нысанның құрылысы басталған. 

Облыстың денсаулық сақтау саласында 35 мекеме бар. Онда 6 747 медицина қызметкері тұрғындарғы қызмет көрсетеді. Атырау қаласындағы «Өркен», «Нұрсая» шағын аудандарында №4 және №5 қалалық емханаларға қосымша 250 келушіні қабылдайтын екі қалалық емхана құрылысын салу жоспарланып отыр. Емханалардың жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Сонымен қатар, 250 емделушіге арналған психикалық денсаулық орталығы салынады. Оның құрылыс жұмыстары осы жылдың 4-тоқсанында басталады, -дейді Асхан Байдуәлиев. 

Оның мәліметіне қарағанда, Атырау қаласында құрылысы басталатын жедел жәрдем стансасын 3 подстанциясымен салу жобасына түзету енгізілген. Қазір жаңа жоба ішкі аудит департаментінде сараптамадан өткізіліп жатыр. 

Жаңа нысаның құрылысын 3-тоқсандан бастау көзделген. Облыстық онкологиялық диспансер маңынан радиологиялық корпус салу жоспарланып отыр. Оның жобалық-сметалық құжатын дайындау қолға алынды, -деп мәлім етті басқарма басшысы.  

Өзгелердің жаңалығы