Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау-Астрахан тас жолы бойында тексеру жүргізіп, 43 жастағы ер адамның Datsun автокөлігінен жүк салғышқа салынған 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балығын анықтап, тәркіледі.
Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 43 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, – деді Нұрхат Оразбаев.