Атырау облысына 59 мың дәрі-дәрмек жеткізілді
18 Шілде 2020, 17:02 1077

Атырау облысына 59 мың дәрі-дәрмек жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысына Иманғали Тасмағамбетовтың мұрындық болуымен "Сәби" қайырымдылық қоры Ресейдің Астрахань қаласынан жедел 59 мың дәрілік препарат жеткізді. Бірнеше мың адамды амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектің жалпы құны 26 миллион 450 мың теңге.

Аталған медициналық көмекті таратуға Атырау қаласындағы Иманғали мешітінің имамы, Жылыой ауданының және Махамбет ауданының имамы бастаған ерікті жандар арнайы тізім жасап, жеткізу жұмыстарын бастап кетті. Оған қоса, осы мешіттердің ұйытқы болуымен 50 сиыр сойылып, 1400 мұқтаж жанға азық-түлік ретінде таратылған.
Атырау облысы коронавирус жұқтырғандар саны осы айда күрт өскен. Осындай сәтте соңғы қызметі Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшіліктен зейнетке шыққан Иманғали Нұрғалиұлы да елдің бір шетінен шығысып, көмек қолын созып отыр. Оған қоса 3 жасанды тыныс алдыру (ИВЛ) аппараты бүгін жеткізілмек. Тағы да аппараттар әкелу жөнінде келіссөздер жасалған. Өңірдегі қажетті ауруханаларға беріледі, - делінген ақпаратта.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...