Атырау облысы Индер ауданында 3 су арнасы салынып жатыр

13 Қараша 2023, 04:30
634
Бөлісу:
Атырау облысы Индер ауданында 3 су арнасы салынып жатыр
Фото: baq.kz

Атырау облысында су арналарының құрылысы қайта жанданды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Облыста 15 канал болса, оның 4-еуі Индер ауданының аумағында орналасқан. Қазір 3 арнаны тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Солардың бірі – «Қурайлысай» каналы. Оның ұзындығы – 53 шақырым. Аталған су арнасының бойында 12 шаруашылық бар екен. Оларға қажетті су қорын жинақтау үшін канал бойынан 5 катлован жасақталуы тиіс. Оның 3-еуі жаңадан және бұрынғы 2 катлован қалпына келтіріледі. Жоба бойынша құрылыс 2025 жылы аяқталады.

Жалпы каналдың тереңдігі 1,5 метр ғой, катловандар канал табынынан 2 метр төмен болады. Су деңгейінен 3 метрдің шамасында. Катловандардың ені 60 метр, ұзындығы табанынында 200 метр болады. Судың сыйымдылығы 30 мың текше метрдей болады, - дейді мердігер мекеме өкілі Досымбек Жандаров.

«Бағырлай» мен «Қурайлысай» каналдарының құрылысы уақытылы аяқталса, 30-ға тарта шаруашылықпен қоса көршілес Мақат, Махамбет аудандары да иігілігін көреді. Әр каналдың құрылысына 1,1 млрд теңгеден астам қаражат жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Сондықтан әрбір тиынның мақсатты жұмсалуына жергілікті билік мүдделі. Себебі осыдан 3 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткізілген «Алғабас-Жорық» каналы құрылысынан көптеген кемшіліктер анықталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы