Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 10 мектеп пен 15 балабақша салынып жатыр, деп хабарлады облыстық құрылыс басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреевтің айтуынша, өңірде студенттерге арналған жатақханалар, мәдениет үйлері, демалыс аймақтары, спорт және денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр.
Өңірде білім саласына арналған нысандар құрылысы да қолға алынды. Қазір құрылысы басталған 15 балабақшаның ішінде 9 нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асып жатыр. Биыл 1130 орынға есептелген 4 балабақша пайдалануға берілді. Ал үш ауысымда білім беретін, сондай-ақ апатты жағдайдағы мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады. Осы салада 5204 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 1324 орындық 3 мектеп осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі, - деді онлайн-брифингте Мерей Жантөреев.
Оқи отырыңыз: