Атырау облысы. Бағырлай каналына су келіп жатыр

22 Сәуір 2024, 14:25
282
Бөлісу:
Атырау облысы. Бағырлай каналына су келіп жатыр
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

БҚО-мен шекаралас Бағырлай каналына су келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индер ауданында төрт суару-суландыру каналы бар. Ақсай, Бағырлай, Алғабас-Жорық, Құрайлысай каналдарының жалпы ұзындығы 302 шақырым.

Соның ішінде, ең ұзыны 105 шақырым болатын Бағырлай каналы.

Бағырлай каналы стратегиялық маңызға ие. Себебі, бұл канал Атырау облысы мен БҚО арасының шекарасы болып есептеледі. 1994 жылы су тасқыны кезінде Бағырлай каналына үлкен су келген еді. Биыл да Батыс Қазақстан облысы территориясында судың көп болуына байланысты, шекараға үлкен су келіп тұр, - дейді «Казсушар» РМК Индер өндірістік учаскесінің басшысы Сайлау Байбосынов.

Қазіргі уақытта Индер ауданында Бағырлай, Ақсай каналында жаңғырту жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы