Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды Ақ Жайық.
Басылымның мәліметнше, 10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.
Оларды Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы барған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, пара тендерге байланысты болған. .
Б.Хаменоваға қатысты ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сонымен қатар, @Yedilov online Telegram арнасы Б. Хаминованың кабинетінің мөрленген есігінің суретін жариялады.