Атырау облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлімі уақытша жабылуы мүмкін

11 Қазан 2019, 18:31
3206
Бөлісу:
Атырау облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлімі уақытша жабылуы мүмкін
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облыстық перинаталдық орталығындағы босану бөлімшесі жұмысын уақытша тоқтатуы мүмкін. Өйткені, перзентхана  санитарлық талапқа мүлде сай емес. Сондай-ақ жылдар бойы сапасыз дәрі-дәрмектер пайдаланылып, мұндағы төсек орын жабындылары көлік жөндеу орталығының жанындағы ғимараттардың бірінің ауласында жуылған. Тіпті, дәрігерлердің мас күйінде ота жасап, сәбилердің денсаулығына зақым келтіргендігі де анықталыпты. Мұндай ақпаратты  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров баспасөз мәслихатында айтты. 

"Перинаталдық орталықтың желдеткіш жүйесі соңғы бір жарым жылдан бері жұмыс істемеген. Нәтижесінде ауада шаң мен инфекция жиналған. Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы, әкімдік, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, біз бар, ақылдаса келе, осы жағдайлар орын алған -  босандыру бөлімшесін уақытша жабу туралы  келісімге келдік", -  деді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров.

ух1.jpg

 Сонымен қатар департамент басшылары мұздатқышта үсіп өлген шақалақты құтқарып қалуға барынша тырысқандықтарын айтты.

"Біз әңгімені естіген бойда сәбиді  құтқарып  қалу үшін шұғыл жеттік, бірақ үлгермедік. Перинаталдық орталық қызметкерлері ұзақ уақыт бойы есікті ашпады. Ал, Қуаныш Нысанбаевты  сағат бойы іздеп,  қаладағы сауналардың бірінен ұстады. Тергеу жұмыстарынан кейін сәбилердің жаппай өлімінің себебі белгілі болады деп отырмыз",- деді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров.

 Жалпы, соңғы  жылға жуық уақытта Атырау облысында 45 мыңнан астам сәби дүниеге келіпті. Оның 442-сі өлі туылса, 432-сі дүниеге келгеннен кейін шетінеген, Ал 7 әйел босану кезінде көз жұмған. Айта кетейік, перинаталдық орталықтың бас дәрігері  Қуаныш Нысанбаев қылмыстық кодекстің «қасақана адам өлтіру», «пара беру» және өзге де баптары бойынша күдікті деп танылып, тергелуде. 

Атыраулық дәрігерлер қорқып отырғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Атыраулық дәрігерлердің сұмдық әрекеті әшкереленіп жатқаны туралы жазғанбыз. Прокуратура сәби өлімі фактілеріне ауқымды тексерулер жүргізуде. Атырау облыстық перзентханасының дәрігерлері президентке хат жазды. Атырау перзентханасындағыдәрігерлердің де айтары бар екенін хабарлағанбыз. Біртанов Атыраудағы дәрігерлер ісіне қатысты баланың өлімі туралы жазбаны өзгертуге болатынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы