Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіп және этика комитеті 2025 жылы футболдан Қазақстан чемпионатының 4-туры аясындағы "Атырау" және "Қайрат" командалары арасындағы матчта болған оқиғаға қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарау қорытындысы бойынша келесі шешім қабылданды:
"Атырау" ФК-ға матч кезінде трибунада пиротехникалық құралдарды – шамдарды жағу арқылы көрсеткен жанкүйерлердің орынсыз әрекеттері үшін 75 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде (294 900 теңге) айыппұл салынды.
Жазаға ҚФФ тәртіптік жарғысының 64-бабының 1-тармағы негіз болды.
Комитет шешімі бойынша клуб айыппұлды 2025 жылдың 15 мамырынан кешіктірмей төлеуге міндетті.