Атырау аз уақытта көк желекке айналды

24 Қыркүйек 2020, 20:12
2880
Бөлісу:
Атырау аз уақытта көк желекке айналды
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау бірер жылда көк желекпен жайқалады. Тіпті қала ішіндегі саябақтарда жеміс ағаштары да өсіп жатыр. 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен атыраулық қоғам белсенділері де экологиялық мәселелерді шешу бойынша жол картасын дайындаған. Қала әкімінің айтуынша, осы арқылы өңірдегі ірі компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Мұнайлы шахарды абаттандыру мақсатында жергілікті әкімдік көгалдандырумен айналысатын компанияларды мемлекеттік жеке серіктестікпен жұмыс істеуге шақырып, келісімшарттар да жасаған. «Каспийдормостострой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 5 жылға құны 4,69 млрд теңге тұратын жобаға қол қойған. Бұл компания тал-теректер отырғызып қана қоймай, оның күтіп-бағып, жайқалып өсіп кетуіне де жауапты болмақ.

Атырау аз уақытта көк желекке айналды

Атырау қаласын абаттандыру мақсатында үлкен жобаларды қолға алдық. 2020 жылы «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік жеке серіктестік аясында «Каспийдормостострой» мекемесі орталық көшелерге 347 мың данадан астам гүлзарда гүл екті. Мұндай жұмыстарды саябақтар мен алаңдарда, шағын сәулет нысандары да жүргізді. Маусымдық күтіп-баптау да мойындарында. Қаладағы 38 көше және 15 саябақ, алаңдардағы 54 мыңнан астам ағаш, жасыл алқаптарға күтім жасайды. Күз маусымында жалпы саны 4900 дана түп есебінен ұзындығы 700 погонды метр жасанды жасыл белдеу қалыптастыру көзделген. Былтырғы жылмен салыстырғанда қаладағы ағаштар саны ұлғайды. Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы негізінде саны 5154 түпке көбейген, қосымша 2000 түп ағаш егіліп, өсіп тұр. Қаланы көгалдандыруда жоспарлы жұмыстар жетерлік, - дейді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Атырау аз уақытта көк желекке айналды

Сондай-ақ биылдың өзінде қалада 30 000 текше метр аумаққа көгал төселген. Жеңіс саябағындағы 1,5 гектар жерге жеміс ағаштары отырғызылып, 900 түп өсіп тұр. Қала әкімінің сөзінше, бірнеше жылда Атырау толықтай абаттандырылып, шырайы кіреді.

Өзгелердің жаңалығы