Атырау-Астрахань тас жолында кептеліс қалыптасты

23 Қыркүйек 2022, 18:44
1228
Бөлісу:
Атырау-Астрахань тас жолында кептеліс қалыптасты
PHOTO

Ресей Федерациясындағы мобилизацияның салдарынан Атырау-Астрахань шекарасындағы көлік қарасы көбейіп, ұзын-сонар кезек қалыптасты, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрші елдің нөмірін таққан теміртұлпарлар саны әдеттегіден 30% артты.

Ресей азаматтарының басым бөлігі мұнайлы өңірді транзиттік қала ретінде пайдалануда. Шекарадан өткен жолаушылар Астана, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысына ағылуда.  Сонда да Атырауда қалып, кәсібінің тасын өрге домалатқысы келетіндер бар. 

Атырау-Астрахань тас жолында кептеліс қалыптасты

Бұл жаққа отбасыммен келдім. Жеке бизнесімді ашып, табыс тапқым келеді. Қолымнан келіп, реттеліп кетсе, осы жақта тұрақтаймын деген жоспарым бар,- дейді Ресей Федерациясының азаматшасы Оксана Токарева.

Жаңа елге қоныстану уақытында туындайтын қиындықтарды бірлесе шешу үшін шетелдіктер әлеуметтік желіде ортақ чат ашқан. Ол жерде баспана, жұмыс, құжаттарды реттеу мен өзге маңызды мәселелерді талқыламақ. Келушілердің арасында отбасылы азаматтар аз көрінеді. Мәселен Атырау өңіріне жыл басынан бері Ресейден қоныстанған жанұялардың 11 баласы жергілікті білім ордаларына орналастырылған. 

Атырау-Астрахань тас жолында кептеліс қалыптасты

Мектепке қабылданған оқушылардың ата-аналары негізі Қазақстан азаматтары. Қызметке байланысты көрші елге кеткен олар, тарихи Отанына қайта оралуда. Қоныстанған 11 баланың жетеуі қаланың өзінде, қалған 4-еуі Құрманғазы ауданында білім алып жатыр, - дейді Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері Атырау облысына Ресейден 1400 адам келген. Ал аймақтағы Ресейлік компаниялар саны 400 ге жуық. 

Өзгелердің жаңалығы