Атырау-Астрахань автожолын қайта құру жұмыстары келесі жылы аяқталады

4 Ақпан 2022, 09:28
1460
Бөлісу:
Атырау-Астрахань автожолын қайта құру жұмыстары келесі жылы аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау-Астрахань жолындағы құрылыс жұмыстарының кешігуіне әсер еткен себептердің бірі – жобалау кезінде қателік жібергендер жауапкершілікке тартылды. 

Бұл туралы еліміздің батыс өңіріндегі автожолдардың мәселелеріне арналған қоғамдық талқылауда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. 

Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев  Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесу барысында Атырау-Астрахань автожолы құрылысының кешігу себептері және құрылыс материалдарының қымбаттауы жаңадан кідірістер тудыру мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. 

Сұраққа жауап берген ИИДМ басшысы жалпы ұзындығы 277 шақырымдық автожолды реконструкциялау құны 87,4 млрд теңгені құрайтынын атап өтті. 

ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019-2021 жылдары Ресей шекарасынан Ганюшкино кентіне дейінгі ұзындығы 60 шақырым болатын жолды қайта құрудың бірінші кезеңі іске асырылды. Жұмысқа 22 млрд теңге жұмсалды. Жаңа жабынды салынған учаскеде қазір қозғалыс ашылған. 

Өзгелердің жаңалығы