Қатыгездікпен жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Желіде тараған ақпарат бойынша «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК мәлімдеме жасады.

9 Қыркүйек 2020 2020, 18:37
АВТОР
 9 Қыркүйек 2020 2020, 18:37
9 Қыркүйек 2020 2020, 18:37
1703

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Instagram әлеуметтік желісінде елорда аумағындағы Ақсүмбе тұйық көшесінде волонтерлер жәбірленген иттерді тауып алғандығы туралы ақпарат тарады. 

Желіде тараған ақпарат бойынша «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК мәлімдеме жасады.
Изолятор аумағында (Ақсүмбе тұйық көшесі, 1) қатыгездікпен жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама өткізіледі. Айта кету керек, изолятор аумағында кәсіпорын қызметкерлерімен бірге иесіз жануарларды күтуге көмектесіп жатқан тұрғындар жұмыс істейді, - делінген хабарламада.
Арыз жазылып, Полиция департаментіне жіберілді. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады.
Наверх