Атом энергетикасының эволюциясы: Жетістіктері мен даму болашағы

3 Қазан 2024, 17:45
413
Бөлісу:
Атом энергетикасының эволюциясы: Жетістіктері мен даму болашағы
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Атом энергетикасы жаһандық энергия сұранысын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзінің сенімділігі мен экологиялық тазалығымен жаңартылатын энергия көздерін толықтыра отырып, тұрақты энергия көзі ретінде қызмет етеді. Қауіпсіздікке және инновацияларға ерекше назар аудару халықаралық стандарттар мен табысты жаһандық жобалар арқылы нығайтылып, атом электр стансаларын әлемдегі ең сенімді энергия көздерінің біріне айналдырды.

Бүгінгі рөлі мен перспективалары:

Атом энергиясын өндіру жылына 4%-ға артып, жыл сайын шамамен 100 млрд кВт/сағ қосылады, бұл АҚШ-тағы электр энергиясын өндірудің қазіргі көлемімен салыстырылады.

Экологиялық әсері:

Соңғы 50 жылда атом энергетикасы 60 млрд тоннадан астам СО₂ қалдығының бөлінуінің алдын алуға көмектесті, бұл бүкіл жаһандық энергетикалық сектордың шамамен екі жылдық қалдықтарына тең.

Қауіпсіздік және сенімділік:

МАГАТЭ-нің халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді азайтуға белсенді қолдау көрсетуінің арқасында атом электр стансалары ең сенімді қондырғылар болып саналады.

Әлемдік статистика және құрылысы:

Қазіргі уақытта 31 елде 415 ядролық энергетикалық реактор жұмыс істейді. Көптеген елдер, соның ішінде Қытай, Үндістан және Ресей, тұрақты даму, энергетикалық тәуелсіздік және климаттың өзгеруімен күресу мақсатында көміртегі шығарындыларын азайту үшін жаңа атом электр стансаларын белсенді түрде салып жатыр.

Технологиялардың эволюциясы:

Қазіргі басты тенденция – III және III+ буын реакторларына көшу, олар заманауи әрі қауіпсіз. Ал I буын реакторлары қазіргі уақытта пайдаланудан шығарылуда.

Өзгелердің жаңалығы