Ақтауда той өткізген мейрамхана басшысы айыппұл арқалады

11 Қазан 2020, 06:45
2314
Бөлісу:
Ақтауда той өткізген мейрамхана басшысы айыппұл арқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда карантин талаптарын бұзып, той жасағандар жазаланды, деп хабарлайды облыстың қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облысының Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметінің мамандары мен қоғамдық коммуникация орталығының түсірілім тобы Ақтау қаласының мейрамханаларына рейд жүргізді. Рейд кезінде «Ақсұңқар» мейрамханасында 50 адамға арналған той өтіп жатқаны анықталды, - деп жазылған хабарламада.
Кәсіпкерге 230 АЕК көлемінде айыппұл салды.
Өзгелердің жаңалығы