Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен 4 науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің ресми ақпарат көзі хабарлады.
Қарағанды облысы - 1964 жылы туған ер адам,
Атырау облысы - 1964 жылы туған және 1951 жылы туған ер адамдар,
Нұр-Сұлтан қаласы - 1951 жылы туған әйел адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 48 адам қайтыс болды.