Атбасарда су тасқыны болды

11 Сәуір 2024, 10:12
229
Бөлісу:
Атбасарда су тасқыны болды
VIDEO
Фото: скрин

Атбасар қаласында су тасқыны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жабай өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты Ақмола облысының Атбасар қаласында су тасқыны болды.

11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзені тасыды. Барлық ескерту жүйесі дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 техника жұмылдырылды.

11 сәуірде түнде Боқсық өзеніне еріген судың көп түсуіне байланысты Бұланды ауданы Журавлевка ауылында өзенні тасыды. Ақмола облысы ТЖД, ЖАО және аудандық полиция бөлімінің күштерімен 9 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала және 4 мүмкіндігі шектеулі адам. Өзеннің төгілуіне байланысты 3 үй су астында қалды.

Өзгелердің жаңалығы